Сенбі күні республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел тұрады. Тек республиканың оңтүстік аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Сенбі күні республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады - Қазгидромет

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, бұршақ болуы мүмкін. Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.