Сенбіде еліміздің солтүстік-батысында құбылмалы ауа райы күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбіде еліміздің солтүстік-батысында құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

23 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыста фронттардың өтуіне байланысты, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде, оңтүстік және түнде шығыс республикасында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, оңтүстік және оңтүстік-шығыста - көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын күтіледі.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с, түнде Қостанай облысында тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, күндіз Жаланашкол ауданында жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан, таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар