Сенбіде Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат -15 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің үш қаласында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, сенбі күні Қарағанды, Теміртау және Ақтөбе қалаларында жағымсыз метеожағдай қалыптасады. Еліміздің қалған шаһарларында ауа сапасы қолайлы болатыны күтілуде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.