Сенбіде Қазақстанның 15 қаласында ауа сапасы жақсарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 24 наурыз күні  Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар керісінше жақсарып, зиянды заттардың ауада ыдырауына ықпал жасайтын болады.

Атырау қаласында метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына әсер етеді.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады.

ҚМЖ  -  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Соңғы жаңалықтар