Сенбілік кезінде асарлатып, біреуге үй тұрғызып берейік - тариxшы Қашқымбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тариxы институты директорының орынбасары, тариxшы ғалым Аманкелді Қашқымбаев сенбілікті өтетін күнді қазақтың "асар" атты ұлттық дәстүрі үлгісінде өткізуді ұсынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Мен ойлаймын, бүгінде "сенбілік" деген шараның түпкі мақсатын анықтап алуымыз қажет. Өйткені қазіргі кезде біздің ұйымдастырып жүрген сенбіліктеріміз кейде түкке тұрғысыз шараға айналып кетеді. Мәселен, біз 20-30 адамды алып барамыз да, көше сыпырамыз. Ол неғылған сенбілік? Ал маған сенбілікке шығайық, бір жерге барып, ағаш отырғызайық, я болмаса, біреуге көмек жасайық десе, мен қуана-қуана келісер едім. Өйткені мен өз үлесімді қосқанымды түсінемін. Сосын мыңдаған студенттерді шығарып, темекі тұқылын жинатқызып қоямыз. Мен кейде былай айтамын, анау темекіні тастайтын кім? Темекі шегетін ата-ана. Ал ертең оны жинайтын кім? Сол ата-ананың балалары. Осыны жеткізу керек. Сондықтан сенбілікті тек күл-қоқыс жинаудың шарасы емес, қазақтың "асар" сияқты ұлттық дәстүрі ретінде кеңінен өткізген жөн. Мысалы, бұрын ауылда "асарды" жиі жасайтын. Асар дейді де, біреудің үйін салып береді. Келесі жолы тағы біреудің үйін тұрғызады. Міне, біздің ұлттық болмысымыз сай сенбілік деген осындай болуы керек", - дейді Қашқымбаев.
Осы орайда ғалым қазақтың "көп түкірсе көл" деген нақыл сөзін келтіріп, әрбір ұжым асарлатып бір үйге көмектессе, ұлттық санамыз өсіп, тәрбиелік мәні бар шаралар көбейетін еді деп санайды.