Сенбілікте рұқсат етілмеген аумақтарға төгілген 500 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елорданың Нұра ауданында рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының 2 ірі нүктесі жойылды. Полигондарға 500 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Полигон
Фото: Бас прокуратура

Қоқыс шығару Ш. Айтматов және Қ. Мұхамедханов көшелерінде жүргізілді. Қоқыстарды тазалауға құрылыс компаниялары атсалысты. Оларға көмекке балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары қосылды.

Қоқыс шығару және құрылыс ұйымдарының, сондай-ақ еріктілердің қатысуы «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртiптiң үлгiсi» экоакциясына орайластырылды.

Соңғы жаңалықтар