«Сэнди» дауылы Орталық Америкада бірнеше адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Кубаның аумағында болған «Сэнди» дауылының салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапты.

«Сэнди» дауылы Орталық Америкада бірнеше адамның өмірін қиып кетті

Бұған дейін Гаити Республикасында 9 адамның көз жұмғаны және Ямайка елінде 1 адамның мерт болғаны  белгілі болды. Осылайша алапат дауыл 21 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлады РБК.

Қазіргі уақытта "Сэнди" АҚШ-тың шығыс жағалауына сағатына 27 шақырым жылдамдықпен төніп келеді. Желдің екпіні сағатына 160 шақырымға жетеді.

АҚШ метеорологтарының болжамынша, дауыл бірнеше күннен кейін елдің жағалауына жетуі ықтимал. Табиғаттың бұл «тосын» мінезінен 1 млрд. долларға дейін шығын келуі мүмкін.