Сенегал Гамбияға басып кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенегалдың Қарулы күштері көршілес Гамбияға әскери шабуылдың басталғанын жария етті. Әскери жорық президент сайлауында жеңіске жеткен Адаме Барроуға билікті беруді қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта сенегалдық армия шекарадан өткен.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сенегалдың Гамбияға интервенциясын бір ауыздан қолдаған шешімінен соң осындай қадам жасалды. Резолюция қазіргі мемлекет басшысы Яхьи Джамменің қызметінен кетпеуін айыптаған. Құжатты қолдап Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүше мемлекеті дауыс берген, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.