Сенегалда көрші елдегі лаңкестіктен кейін 900 адам тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенегалда полиция Буркина-Фасо және Малиге шабуылдан кейін арнайы операция аясында 900 адамды тұтқындады, деп хабарлайды Би-би-си.
Биліктің айтуынша, лаңкестікпен байланысы жоқ тұтқындау шарасы Дакарда және Тиес қаласында демалыс күндері жүргізілді.
Исламшылар мойындарына алған Малидегі қонақүйге, сондай-ақ Буркина-Фасодағы қонақүй, мейрамханаға жасалған шабуыл өңірдегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге негіз болды.
Сенегал салыстырмалы түрде ғана қауіпсіз орын саналады, алайда ел атақты туристік орын болып қала береді.
Өткен аптада Сенегал үкіметі қонақүйлерге қауіпсіздікті күшейтуге нұсқау берді.
Куәгерлер көшеде полицейлердің көбейгенін, көліктерді тексеру жиілегенін айтуда.