Сенегалдағы сайлау: Бассиру Диомайе Фай Африканың ең жас президенті болады

ДАКАР. KAZINFORM – Сенегалдағы сайлауда оппозициялық кандидат 53 пайыздан астам дауыс жинады. Елдің қазіргі президенті Маки Сал мен басқарушы коалицияның өкілі Амаду Ба Диомайе Файды президенттік сайлаудың бірінші турындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ВВС жазды.

президент
Фото: bbc.com

Сенегалда бір күн бұрын өткен президенттік сайлауда оппозиция кандидаты Бассиру Диомайе Фай 53,7 пайыз дауыс жинады. Бұл туралы Сенегал ұлттық автономиялық сайлау комиссиясы мәлімдеген.

Диомайе Файдың басты бәсекелесі, басқарушы коалицияның өкілі Амаду Ба 36,2 пайыз дауыс жинады.

Бұл сайлау учаскелерінің 90 пайызында бюллетеньдерді санаудан кейін алынған алдын ала деректер екені атап өтілді. Сайлаудың ресми қорытындысы әлі жарияланған жоқ.

Бассиру Диомайе Фай 44 жаста. Егер ол Сенегал президенті болып сайланса, ол Африка тарихындағы ең жас президент болады.

Соңғы жаңалықтар