Сенегалдық полицей әйел БҰҰ марапатына ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл БҰҰ полициясына қызмет ететін бітімгер-әйелдерге табысталатын халықаралық сыйлықты сенегалдық майор Сейнабу Диуф алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сенегалдық полицей әйел БҰҰ марапатына ие болды

Ол ондаған үміткердің арасынан іріктеліп алынды: Диуф 33 жыл бойы Сенегал полициясында және Мали, Дарфур және Конго Демократиялық Республикасындағы БҰҰ бітімгерлік миссиясы қызметінде жұмыс істеген.

Майор Диуф – БҰҰ туы астында қызмет атқарып келе жатқан 1400 полицей әйелдің бірі. Олар әртүрлі күрделі тапсырмаларды орындайды: жергілікті қоғамдастықтпен қарым-қатынасты құрудан бастап халықты қорғауға дейін, сондай-ақ жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күреседі.