Сенім телефондарына түскен мәліметтер негізінде 8 тәртіп сақшысы қызметінен қуылып, 88-і тәртіптк жазаға тартылды ? ІІМ-нің өкілі

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігінің қоғамдық қабылдау орындарына 1 мың 800 арыз түсіп,

Сенім телефондарына түскен мәліметтер негізінде 8 тәртіп сақшысы қызметінен қуылып, 88-і тәртіптк жазаға тартылды ? ІІМ-нің өкілі
оның 419-ы азаматтардың пайдасына шешілген. Сондай-ақ 605 арызға түсініктеме беріліп, 268 хатқа қатысты қандай да бір шешім қабылдаудан бас тартылды. Ал 155 шағым өзге мемлекеттік органдарға жіберілді. Қалған арыздар қаралуда. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, полиция қызметінің негізгі басымдықтары Елбасы Жолдауы және қоғамдық тәртіпті күшейту мен қылмыспен күреске бағытталған соңғы уақыттағы тапсырмаларында айқын көрсетілген. Олардың басты бағыттарының бірі қалың көпшіліктің полиция қызметкеріне деген сенімін арттыру болып отыр. «Осыған орай қазір министрлік жұртшылықпен арадағы қарым-қатынасты жетілдіру үстінде. Бұған қоса министрлік өздерінің атқарап жатқан істері жөніндегі ақпараттарының барынша ашық әрі жариялы болуы мақсатында жүйелі шаралар жүргізе беретін болады», - деді департамент бастығы.Оның айтуынша, полиция қызметін бағалаудың негізгі өлшемі халықтың ішкі істер органдарына деген сенімі және полиция қызметі барысындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуымен өлшенеді. Осыған орай қазір Ішкі істер министрлігі мен оның өзге де құрылымдары қоғамдық қабылдау жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері полиция бөлімшелерінің басшылары 25 адамды, ал Ішкі істер министрлігі 50 адамды қабылдаған. «Қазіргі таңда министрліктің барлық өңірлік органдарында сенім телефондары бар. Сонымен қатар министрдің интернет сайтында сенім парағы орналастырылған. Мұнда азаматтар ішкі істер органдарына жасалған немесе жасалайын деп жатқан қылмыстар жөнінде, сондай-ақ тәртіп сақшылары тарапынан болған құқықбұзушылықтар туралы ақпараттар бере алады. Ол ақпараттар міндетті түрде мұқият тексеріледі», - деді Қ.Жұманов. Оның мәліметтері бойынша, полицияның сенім телефондарына жыл басынан бері тәртіп сақшылары тарапынан жасалған заң бұзу және қызмет бабын асыра пайдалану әрекеттері бойынша 614 арыз түсіп, оның 55-і расталған. Нәтижесінде 8 қызметкер жұмысынан босатылып, 88 қызметкер тәртіптік жазаға тартылған. «Ішкі істер министрлігі қазір бұл тәжірибені халықпен байланыс орнатудың ең тиімді тетігі ретінде қарастырып отыр», - деді министрлік өкілі.