Сенім телефонына құқықтары тапталғаны туралы 16 580 жеткіншек қоңырау шалған - дөңгелек үстел

Оны «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен Қазақстандағы «Дағдарыстық орталықтар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырып отыр. Бұл шараға ҚР Парламентінің депуттаттары, құзырлы министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ҚР Президенті жанындағы отбасылық-демографиялық және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия мен халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдардың уәкілдері қатысуда.
Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне қарағанда, Қазақстандағы «№150 балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефон желісіне» 2009 жылдан бастап 598 661 қоңырау келіп түскен. Сондай-ақ құқықтары тапталғаны туралы 16 580 жеткіншек хабарласқан. Олардың 54 пайызын жасөспірім қыздар құрады.
Қазақстан Child Helpline International ұйымына мүше болып табылатын 133 елдің бірі болып табылады. Олар балалар мен жастардың құқықтарын қорғау және қызығушылықтарын іске асыруға бағытталған Сенім телефонының халықаралық күнін осымен алтыншы жыл атап өтпекші.