Сенімдеріңіз маған үлкен қуат берді - Нұрсұлтан Назарбаев

АТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ең бірінші айтатыным: 20 жыл ішіндегі қилы-қилы замандарда барлығыңыз да ылғи менің жанымда болдыңыздар.
None
None

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы резиденциясында 2010 жылғы Президенттік және Мемлекеттік стипендия иегерлерін марапаттау рәсімінде айтты.

"Біріншіден, әйтеуір бір жаққа алып шығатын шығар деп, маған сендіңіздер. Сол маған үлкен қуат берді. Екіншіден, сонау саяси заманнан біраздарыңызбен бірге өсіп, бірге түледік. Стипендия тағайындау кезінде менің ойлағаным, көп қаражат болмаса да жора-жолдас, ағайын-туыс пен балалардың алдында мемлекетім мені ұмытқан жоқ, міне Президентім маған осындай сыйлық тағайындап отыр деген әңгіме. Бұл сіздерді ұмытпағанымызды білдіру үшін жасалған нәрсе", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Президентінің айтуынша, талантты жастарды қолдап стипендия беру - мемлекеттің міндеті. Елбасы әртүрлі гранттар мен меценаттық көмекті жылдан-жылға көбейтуге көбірек мән беру керек екенін ерекше атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар