Сенімге негізделген серіктестігіміз Қазақстан мен Әзербайжан халықтарының игілігіне қызмет етеді - И.Әлиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев құттықтау жеделхатын жолдады.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

И.Әлиевтің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жасампаздық жолында нық сеніммен қадам басып келе жатқаны айтылған.

«Еліңіздің халықаралық беделі күн сайын артып келеді. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы және оның бүгінгі деңгейіне жетуіндегі Сіздің үлесіңіз зор. Біздің өзара сенім мен қолдауға негізделген серіктестігіміз тарихы терең тамырластық байланыстырып жатқан халықтарымыздың игілігіне алдағы уақытта да қызмет ете беретініне сенімдімін»,- делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысына Әзербайжан Президенті мықты денсаулық, бақыт және мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.  

Соңғы жаңалықтар