Сербия азаматтары қайтадан әскерге шақырыла бастайды

АСТАНА. KAZINFORM – Сербия әскери міндеттілікті қайтаруды жоспарлап отыр: парламенттің жобаны мақұлдауы күтілуде, үкімет пен президент ресми түрде келісімін беріп үлгерді, деп хабарлайды Euronews

Сербия армияси
Фото: glassrpske.com

Елде міндетті әскери қызмет 13 жыл бұрын алынып тасталды.

Белград жауынгерлік міндеттілікті 2011 жылы алып тастап, кәсіби қарулы күштерге сүйенді. Енді Сербия Республикасының президенті Александр Вучич әскерге шақыруды қайтару «Сербияны күнделікті және жалықпай қорқытатындарды үркітуі тиіс» дейді. Алайда ол кімді меңзеп отырғанын нақтылаған жоқ.

Жігіттер үшін міндетті әскери қызмет 75 күнге созылады, ал қыздар үшін ерікті болады деп шамаланып отыр.