Сербия президенті Александр Вучич қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Сербия президенті Александр Вучич 27 қыркүйекте кезектен тыс парламент сайлауына қатысып, премьер-министр қызметіне үміткер болу үшін отставкаға кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды DW. 

Сербия президенті
Фото: Азертадж

Вучич 2017 жылғы 31 мамырдан бері Сербия президенті қызметін атқарып келеді. Ол 2022 жылғы сәуірде қайта сайланды. Оның президент ретіндегі екінші мерзімі 2027 жылдың ортасында аяқталуы тиіс еді.

Сербия Конституциясына сәйкес, бір адам мемлекет басшысы қызметін екі мерзімнен артық атқара алмайды.

Қыркүйек айының басында Вучич елдің бір палаталы парламенті — Халықтық скупщинаны таратып, кезектен тыс сайлауды 25 қазанға белгіледі.

Биліктегі Сербияның прогрессивті партиясы Вучичтің «Біртұтас Сербия» тізімін басқаратынын және сайлауда жеңіске жеткен жағдайда премьер-министр қызметіне кандидат болатынын растады.

Сербия президентінің міндетін Халықтық скупщина төрағасы Ана Брнабич атқарады.

Бұған дейін Вучич қыркүйек айының соңында отставкаға кетіп, парламент сайлауына қатардағы азамат мәртебесінде дайындалуға ниетті екенін мәлімдеген болатын.