Сербия тұрғыны 20 градус аязда екі тәулік бойы құдық ішінде жатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абайсызда құдыққа құлап, 20 градус аязда екі жарым тәулік бойы жатқан Сербия тұрғыны Йездимир Милич құтқарылды, деп хабарлады "Би-би-си".
Милич жұма күні дүкеннен келе жатып, құдыққа құлап кеткен.
Тек 52 сағат өткен соң, шашылып жатқан азық-түлікті кездейсоқ байқап қалған көршісі Миличті тауып алды.
Құдықтың тереңдігі 5 метрді құрайды, зардап шегушіге өрт сөндірушілер көмекке келді.
Қазір суық тиген әрі құлаған кезде жарақаттанған Милич ауруханада емделіп жатыр.