Сербия үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыра түсу аса маңызды - Александр Вучич
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербия үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыра түсу аса маңызды. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Сербия Президенті Александр Вучичпен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз саяси және экономикалық ынтымақтастығымыздың барлық маңызды мәселелерін талқыладық. Қатты таңданысымды тудыратын Астанаға тағы да келгенім үшін қуаныштымын. Меніңше, Орталық Азиядада Астанадай қарқынды жылдамдықпен өзгеріп, жаңғыра түскен қала жоқ. Әрине, көзқарасы ашық, энергиясы мол және өз ісіне жан-тәнімен берілген Президент Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан қол жеткізіп отырған табыстарға да сүйсінемін», - деді мәртебелі мейман.
Осы ретте Александр Вучич Сербия үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыра түсу өте маңызды екендігін баса айтты.
«Ынтымақтастымызға бейбітшілік, тұрақтылық, экономикалық гүлдену, инвестиция тарту, азаматтардың экономикалық қуатын нығайту, қоғамды жаңғырту, елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыру ұстанымдары негіз болып қаланған. Біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас өте жақсы, конструктивті және оны одан ары нығайту үшін зор келешеккке ие. Бүгінгі кездесу де соған дәнекер бола түседі деп ойлаймын», - деді Сербия Президенті.
Айта кетейік, Сербия басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен ресми сапармен келіп отыр. Бүгін мәртебелі мейман Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президентін «Достық» орденімен марапаттады.
Ал Александр Вучич Қазақстан Президентіне өз елінің ең жоғары наградасы «Сербия Республикасы» орденін табыс етті.
Сапар аясында Александр Вучич Қазақстан-Сербия іскерлік форумына, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI сьезінің ашылуына қатысады деп жоспарланған.
Сербия президентінің сапары барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылмақ. Оның ішінде Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ, Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігі мен Сербияның жастар саясаты және сопрт министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бар.