Сербияда 25 қазанда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Сербиядағы кезектен тыс парламент сайлауы 2026 жылғы 25 қазанда өтеді. Бұл туралы Сербия президенті Александр Вучич RTS телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

Стала известна дата внеочередных парламентских выборов в Сербии
Фото: Maxim Shemetov / EPA / ТАСС

Сондай-ақ ол 9 қыркүйекте бір палаталы парламент — Халық скупщинасын тарату туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

2026 жылғы маусымның соңында Александр Вучич Нови-Сад қаласындағы вокзал шатырының опырылып, 16 адамның қаза табуына байланысты басталған жаппай үкіметке қарсы наразылықтардан кейін бірнеше апта ішінде отставкаға кететінін және елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтетінін хабарлады.

Александр Вучичтің президенттік өкілеттігінің екінші мерзімі 2027 жылдың ортасында аяқталады. Ал Сербия Конституциясына сәйкес, бір адам мемлекет басшысы қызметін екі мерзімнен артық атқара алмайды.

Өткен аптада Александр Вучичтің алдағы парламент сайлауында биліктегі Сербия прогрессивті партиясының (СПП) сайлау тізімін бастап, партия атынан премьер-министрлікке кандидат болатыны белгілі болды.

Бұған дейін Сербия президенті парламент сайлауы күзде өтетінін мәлімдеген болатын.