Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сербияда Александр Вучич президент сайлауының бірінші турында жеңіске жетті

АСТАНА. қазАқпарат - Сербияның Премьер-министрі Александр Вучич елдегі президент сайлауының бірінші турында жеңіске жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 55 пайыз дауыс иеленген.

Сербияда Александр Вучич президент сайлауының бірінші турында жеңіске жетті

Сайлауға барлығы 11 үміткер қатысуда. Екінші орында  - заңгер Саша Янкович, оған сайлаушылардың 13 пайызы сенім білдірген. Билеттерді санау жалғасып жатыр.

Вучич осыған дейін Белградта сайлау штабында өз жақтастарына алдағы екі айда жаңа үкімет құруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Егер барлық дауыстарды санағанда ол кемі 50 пайыз жинаса, екінші тур жүргізілмейтін болады.