Сербияда қатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Сербияда 5,3 магнитудалы жер сілкінісі болды, қираған ғимараттар бар. Қаза тапқандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ,

Сербияда қатты жер сілкінісі болды

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Сербиялық БАҚ ақпараттарына сүйенсек, жер сілкінісі, әсіресе, Кральево қаласының маңында қатты білінген. Қалада бірқатар ғимараттарға зақым келіп, халықтың жартысы су мен электр жарығынсыз қалған.