Сербияда Нови-Садтағы қайғылы оқиғаға байланысты наразылыққа шыққандар жолды жапты

АСТАНА. KAZINFORM – Сербияның астанасы Белградта Нови-Садтағы қайғылы оқиғаға байланысты наразылыққа шыққандар жолды жапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

В центре Белграда начался протест из-за трагедии в Нови-Саде
Фото: Александр Дзюба/ ТАСС

Қала орталығындағы Славия алаңында 5 мыңнан астам адам жиналып, жолды жауып, көлік қозғалысын тоқтатты. Бірлесіп наразылыққа шыққан студенттер мен фермерлер Нови-Сад вокзалындағы қираудан 15 адамның көз жұмуына билікті айыптап отыр.

Шеруге қатысушылар астана алаңдарының бірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де жиналды. Наразылық білдірушілер жаяу жүргіншілер аймақтары мен көлік жолдарын жауып тастаған. Автобустар, трамвайлар, троллейбустар және басқа да көліктер қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болды. Жиналған адамдардың саны уақыт өткен сайын артып келеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде студенттер арасында «наразылыққа қатысушыларға арналған нұсқаулық» кең тараған. Онда қатысушылардың өзімен бірге ысқырық, транспаранттар, мегафон, ауыз бен мұрынды жабатын мата, жаңбырдан қорғайтын плащ, қолшатыр және фотоаппарат алу қажеттілігі айтылған.

Сонымен қатар наразылық білдірушілерге «өз студенттік тобының жанында болу», «арандатушылыққа жауап бермеу», «полицияның немесе күдікті адамдардың орынсыз әрекеттері кезінде акциядан шығу» ұсынылады.

Осыған дейін Франциядағы ең қуатты ядролық реактор іске қосылғаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар