09:31, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Сербияда жеті жыл бұрын ұрланған Рембрандтың туындысы табылды
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Сербия полициясы 2006 жылдың қаңтар айында Рембрандтың сербиялық Нови-Сад мұражайынан ұрланған «Әкенің портреті» суретін тапты.

Бұл туралы Росбалт хабарлайды.
Туынды Белградтан батысқа қарай шамамен 70 шақырым жердегі Сремска-Митровица қаласы ауданында табылды, деп хабарлады полиция директоры Милорад Вельович. Полиция ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 4 адамды ұстады. Табылған заттың түпнұсқа екенін сарапшылар растады.
Сурет 1630 жылы салынған. Оның ұрлануынан кейін сарапшылар бұл шығарманы 2,5 млн. фунт стерлинг шамасында бағалады.