Сербиядағы халықаралық турнирде 8 қазақстандық боксшы алтын үшін таласады
АСТАНА. KAZINFORM — Сербия астанасы Белградта бокстан өтіп жатқан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалында финалға шыққан спортшылар анықталды.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ел намысын қорғаған 12 спортшының 8-і финалға шықты.
Сенбі күні шаршы алаңға шыққан төрт боксшының бәрі де жеңіске жетті. 71 келіде Сабыржан Аққалықов монтенегролық Стефан Савковичті жеңсе, Диас Молжігітов (75 кг) ресейлік Джамбулат Бижамовты тізе бүктірді. 80 келді Ерасыл Жақпеков сербиялық Златко Турковичтен айласын асырса, Данияр Рахымбердинов (92 кг) тағы бір шаршы алаң иесі Мирослав Савичті қапы қалдырды.
Осылайша, Belgrade winner турнирінің финалында мына боксшыларымыз жұдырықтасады:
48 келі: Ернұр Қайрат
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жақпеков
92 келі: Данияр Рахымбердинов
92+келі: Олжас Боқаев
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бранко Пешич турнирінде екі боксшымыздың финалға шыққанын жазған болатынбыз.