07:45, 08 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Сербиялық министр ажалдан аман қалды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияның энергетика министрі Александр Античтің басына ағашқа қатқан мұз құлап, оны каскасы ажалдан аман алып қалды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Оқиға министрдің елдің шығыс өңірлерінің біріне жұмыс сапары кезінде орын алған. Одан бірнеше күн бұрын бұл өңірде бұршақ аралас жаңбыр жауған көрінеді. Шенеунік журналистерге сұхбат беріп тұрған кезінде басына үлкен мұз кесегі дәл түскені бейнетаспада айқын көрініп тұр.
Бірақ болған жайтқа бола ол сұхбатын үзген жоқ. Керісінше осындай апатты жағдайда жұмыс істеп жүрген энергетиктердің жұмысын бағалау керектігін айтқан.
Кейіннен министр өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Мен дін аманмын, ал каска зақымданды», - деп жазды.