Сербиялық Ненад Лалович Халықаралық күрес түрлері федерациясының президенттігіне қайта сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербиялық Ненад Лалович Ташкентте өтіп жатқан Халықаралық күрес түрлері федерациясының (FILA) конгресінде ұйым президенттігіне қайта сайланды.

Сербиялық Ненад Лалович Халықаралық күрес түрлері федерациясының президенттігіне қайта сайланды

Айта кетейік, конгресте аталған ұйымның да атауы өзгерді. Енді ол Бірлескен күрес әлемі (UWW) деп аталатын болды. Сондай-ақ, ұйымның қаулысы да қабылданды.

Лалович аталған қызметке ұсынылған жалғыз үміткер еді. Ол FILA-ны 2013 жылдың ақпанында басқарды.

Айта кетейік, Лаловичтің осы ұйымды басқаруы күрес түрлерінің Олимпиадалық ойындар тізімінен шығып қалу қаупін сейілтіп, 2013 жылдың 8 қыркүйегінде Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Буэнос-Айресте өткен 125-ші сессиясында Олимпиада ойындарының тізіміне қайта оралған болатын.