Сербиялық велосаяхатшы: Ең тамаша адамдар Қазақстанда тұрады (ФОТО)

Бұл сапарға ол 7 ай уақытын сарп еткен. Аталған уақыт ішінде саяхатшы 10 елде болған, деп жазады senica.ru.
Велосаяхатшыны ең жақсы қарсы алғандар - қазақстандықтар болған. «Қазақстанда ең жақсы адамдар тұрады екен. Олар Сербия туралы біледі, өте қонақжай. Ал ең бір ауыртпалықты Моңғолияда өткердім, онда мені тонап кетті», - дейді Шибалич. Саяхаты барысында ол азық-түлік алу үшін күніне небәрі 15 доллар жұмсаған. Негізінен шатырларда түнеген немесе өзі атап өткендей, қазақстандықтар тәрізді аса қонақжай жандар күтіп алған. Енді саяхатшы Оңтүстік Америкаға сапар шегіп, Олимпиада басталғанға дейін Рио-де-Жанейроға жетпек. Драган Шибалич маусым айында Астанаға үш күнге тоқтағанында Қазақстан астанасын туған күнімен құттықтаған еді. Ол сондай-ақ Павлодар, Ақтөбе, Қостанай қалаларында болды.