Сербияның әскери зауытында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияның әскери зауытында жарылыс болды. Карагуевацедегі әскери техника зауытындағы өртті сөндіру кезінде бір адам мерт болып, 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Тағы 25 адам А28 нысандағы дәрі-дәрмектердің монтаждау желісіндегі жарылыс кезінде зардап шекті. 

Сербияның әскери зауытында жарылыс болды

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ТАСС. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті, осы сәтте жарылыс тағы қайталанды. Зардап шеккендердің арасында өрт сөндірушілер мен әскерилер және полиция қызметкерлері бар.

Дәрі-дәрмектерді реттеу цехындағы өртті сөндіру жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда қирандыларды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Крагуевацке Сербияның Қорғаныс министрі Зоран Джорджевич пен оның материалдық ресурстар жөніндегі көмекшісі Ненад Милорадович келді.