Серена Уильямс аяғы ауыр бола тұра «Аустралия опенде» жеңіске жеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі америкалық теннисші, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы Серена Уильямс биылғы жылдың басында аяғы ауыр бола тұра «Аустралия опенде» жеңіске жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы спортшы Snapchat желісінде хабарлады.
Онда әйгілі теннисші өзінің суретін жариялап, «20 апта» деп жазған. Бұған дейін оның бизнесмен Алексис Оганянмен некелесетіні туралы жарияланған болатын. Бұл жұп 2015 жылдың қыркүйегінен бері кездесіп жүр.