Серена Уильямс оныншы рет US Open финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкалық Серена Уильямс оныншы рет теннистен Ашық чемпионаттың финалына шықты. Бұл туралы Twitter-дегі US Open аккаунты хабарлады.

«Серена Уильямс US Open әйелдер арасында жеке разрядта 10-шы финалына жетті», - делінген хабарламада.

Америкалық спортшы украиналық Элина Свитолинаны 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Матч Нью-Йорктегі Артур Эш стадионында өтті.

Осылайша, Уильямс US Open матчында 101-ші рет жеңіске жетті. Енді ол Үлкен шлем турнирінде 24-ші титулын иелене алады.

Финалдағы орын үшін Канаданың өкілі Бьянка Андрееску мен мансабында алғаш рет Үлкен шлемнің жартылай турниріне шыққан швейцариялық Белинда Бенчичпен бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар