Серена Уильямс «US Open-2013» жеңімпазы атанды
АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылғы теннистен «Үлкен Дулыға» турнирлерінің соңғысы - АҚШ ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы сыны аяқталды.
Биыл да өткен жылғыдай америкалық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс өз жерінде топ жарды. Бұл - оның «Үлкен Дулыға» турнирлеріндегі 17-ші жеңісі.
Финалда ол Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконы 7:5, 6:7, 6:1 есебімен тізе бүктірді.