Серфер Санта-Клаустар Австралияда әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия астанасында үш жүз Санта-Клаус жаңа әлемдік рекорд орнатты. Жаңажылдық ертегішілердің киімдерін киіп алған спортшылар бәрі бірдей бір уақытта серфингке шықты.
Бұл туралы ВВС хабарлап отыр.
Бонди жағажайына 320 серфер Санта-Клаус шықты - бұл бастапқыда жоспарланғаннан 70 адамға көп болды. Шараны ұйымдастырушылар осыншама көп адамның жиналатынын күтпеген еді, себебі рекорд орнату үшін 250 қатысушы жеткілікті болатын.
Суға түспес бұрын, барлық еріктілер қызыл түсті бас киім, кеудеше және шалбар киіп алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның ойын-сауық форматына қарамастан, олар өз алдарына күрделі міндеттер қойған. Жаңа жыл алдындағы тақтайшалармен жаппай жүзуге шыққан олар сол арқылы психикалық денсаулық мәселелеріне көңіл аудартқысы келді. Акция Let's Go Surfing серфинг мектебі мен OneWave қайырымдылық серфинг ұйымының ұйытқы болуымен өткізілді.