Сергеев қоймасындағы су 30 см төмендеді

Олжас Бектенов совершил объезд поймы реки Есиль и изучил ситуацию на Сергеевском водохранилище
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев айтып берді.

«Сергеев су қоймасындағы су 2 метр 9 см тасыды. Өткен тәулікте оның деңгейі 30 см-ден артық төмендеді. Есіл ауданы Покровка ауылының гидробекетінде Есіл өзенінінің су деңгейі тәулігіне 37 см-ге, Новоникольское — 20 см-ге төмендеді, яғни онда су тасқынының екінші толқынының шыңы өтті. Петропавл қаласында да су деңгейі тәулігіне 11 см төмендеп келеді», — деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Нақтыланған мәліметтер бойынша, су тасқыны басталғалы СҚО-да 3898 үй су астында қалды, қазір 267 үйден су кетті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 3631 үй және 1116 тұрғын үй маңындағы аула су астында қалуда. 

13 624 адам үйіне кіре алмай отыр, оның ішінде 3396 бала бар. Қазіргі уақытта халықты уақытша орналастыру пункттерінде 906 адам бар. Қалғандары туыстарында орналастырылған.

«Қазір жеке құрамнан 387 адам, 42 техника, 15 мотопомпа, 12 жүзу құралы және 2 тікұшақ қалды. Біздің топтардың күштері Есіл және Қызылжар аудандарында, Петропавл қаласында шоғырланған», — деді спикер.

Соңғы жаңалықтар
telegram