«Сергек» камералары: Атырауда екі аптада 190,7 млн теңгеге айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында екі аптада «Сергек» камералары арқылы жол ережесін бұзудың 23,4 мың фактісі анықталып, 191 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. ​Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев мәлі етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сергек» камералары: Атырауда екі аптада 190,7 млн теңгеге айыппұл салынды

«Биылғы 10 қыркүйек - 25 қараша аралығында «Сергек» камералары арқылы жол жүру ережесін бұзудың 23​ 483 дерегі тіркелген. Құқық бұзушыларға 190 млн 751 мың теңге айыппұл салынды. Аталған құрылғының іске қосылуымен жол көлік оқиғалары 27 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, бұл құрылғылардың көмегімен ашылған қылмыс 65 пайызға артып, әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау 17 есеге өсті. Ал, жол-көлік оқиғасының салдарынан болатын өлім-жітімді 45 пайызға төмендетуге көмегі бар екенін күнделікті тәжірибе көрсетіп отыр», - деді Әсет Оразғалиев.

Оның айтуынша, қазір Атырау қаласында жол қозғалысын бақылау мен құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 51 көше қиылысына, 153 түзу жолға 1224 суретке түсіру және видео жазу, қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын 774 видеобақылау камерасы орнатылған.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырауда бақылау камерасының көмегімен 186 қылмыс ашылғанын жазған болатынбыз.