«Сергек» камераларының көмегімен Атырауда үш айда 97 қылмыс ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Сергек» камераларының көмегімен үш айда 97 қылмыс ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сергек» камераларының көмегімен Атырауда үш айда 97 қылмыс ашылды

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атырау қаласында «Сергек» бейнебақылау жүйесінің 2 748 камерасы орнатылған.

«Биылғы жылдың екі айында «Сергек» бейнебақылау камерасы арқылы 21 578 ереже бұзу дерегі анықталды. Ал сәуір айының 13 күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 6 394 факті тіркелген. Оның ішінде жылдамдықты арттырғандар саны – 4 244. Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 97 қылмыс ізі суымай ашылды», - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қазір облыста 3500-ден астам бейнекамера орнатылған. Оның ішінде 750 бейнебақылау камерасы интеграцияланған.