Сергей Бубканың ұлы Парижде үшінші қабаттан құлады

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Әйгілі сырықпен секірушінің баласы - кіші Сергей Бубка 1 қараша күні Париждегі ғимараттың үшінші қабатынан құлап, көптеген жарақаттар алды,

Сергей Бубканың ұлы Парижде үшінші қабаттан құлады

 деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

Тенниспен кәсіби түрде айналысатын жас жігіт өз досының жабық пәтерінен терезе арқылы шықпақшы болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, төтенше оқиғаға С.Бубканың таныстары жауапты. Олар спортшыны жуынатын бөлмеге қамап тастаған.

«Спорт-экспресс» басылымының жазуынша, соңғы сағаттарда атлеттің жағдайы жақсарды. Оның өміріне енді ештеңе қауіпті емес. Дегенмен ауруханадан қашан шығатыны белгісіз болып қалуда.

Әлемдік классификациялауда ойыншы 186-шы орында тұр. Бірқатар мәліметтер бойынша, кіші С.Бубка танымал теннисші Виктория Назаренкомен жақын қарым-қатынаста болған.