Сергей Лавров Мұрат Нұртілеуге қоңырау шалды

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР СІМ мәлім етті.

Сергей Лавров Мұрат Нұртілеуге қоңырау шалды
Фото: ҚР СІМ

— Министрлер мемлекет басшыларының тапсырмаларын уақытылы іске асыруға баса назар аудара отырып, 2024 жылғы екіжақты өзара іс-қимылды қорытындылады, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды. Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасын жоғары бағалады және түрлі салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту жоспарларын талқылады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар халықаралық күн тәртібі мен көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігінен 11 функция алынып тасталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар