Сергей Лим - Түмендегі «Әлем шеберлері» турнирінің жеңімпазы

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Түменде өтіп жатқан дзюдодан «Әлем шеберлері» халықаралық турнирінде 66 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Сергей Лим «алтыннан» алқа тақты, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

Сергей Лим жапондық Томофуми Такадзомен финалдық жекпе-жекте жеңіске жетті, үшінші орында - француз Давид Лярус пен израильдық Голан Поллак.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Елдос Сметов пен Асхат Тельманов тиісінше бесінші және жетінші орындарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар