Сергей Михайлов ТАСС агенттігінің бас директоры қызметінен кетті
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – РФ премьер-министрі Михаил Мишустин Сергей Михайловты Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігі бас директоры қызметінен босататын жарлыққа қол қойды. Бұл туралы РФ үкіметінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттік басшысы қызметіне бұған дейін ВГТРК бас директорының бірінші орынбасары болған Андрей Кондрашов тағайындалды.
А.Кондрашов 1973 жылы Алматыда туған. 1991 жылдан телевидениеде еңбек етіп келеді. ВГТРК-ның Орталық Азия бойынша меншікті тілшісі болған. 2018 жылы ВГТРК бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.