Сергей Трикоз Қазақстан волейбол құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Сергей Трикоз Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Сергей Трикоз
Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

Бұл жөнінде федерацияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Сергей Трикоз бұған дейін «Атырау» клубында (2017/18), «Ақтөбе» клубында (2020/21/22) жұмыс атқарған. Сонымен қатар Қазақстанның U21 жастар құрамасын жаттықтырып, Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының қола жүлдегері атанды.

Қазақстанның он дүркін чемпионы «Жетісу» (Талдықорған) командасы таиландық «SUPREME CHONBURI» клубымен қола медальді сарапқа салды.

Нәтижесінде өткен жылы жеңімпаз атанған талдықорғандықтар биыл қола жүлдеге қол жеткізді