«Сериал түсiретiн шығарма жазылған жоқ па?» - баспасөзге шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 13 тамыз, сәрсенбi күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
« Егемен Қа з ақстан » газетiнiң бүгiнгi санында ЖИТС вирусының таралуына қатысты « 25 жылда 25 миллион адам өмiрден озған » атты мақала жарияланды.
«Осыдан бiраз уақыт бұрын АИТ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған азаматтарды қолдау мақсатында Алматыда медицина мен қоғамдық қызметкерлер және студент жастар форум өткiздi. СПИД-тен қайтыс болғандар есепке алынып, әрi осындай дерттiң бар екендiгi қалған жұрттың қаперiне салынып отырады.
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ассоциациясының деректерiне сүйенсек, бүгiнгi таңда жер бетiнде 42 миллион адам иммунтапшылығы вирусына шалдыққан. Әр күн сайын бұл 14-15 мыңға артып отырады. Көбiне АИТВ-инфекциясына жасы 30-ға дейiнгiлер шалдығып жатады», - делiнедi мақалада. Газеттiң жазуынша, соңғы 25 жылда ЖИТС-тен қайтыс болғандар саны 25 миллионнан асып жығылған.
Тамақ саласында адамзатты тамсандыратын «ұлттық бренд» түзу керек. Кеше Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Үкіметке осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды « Айқын » газетi.
«Осы ұйымның өкілі журналистермен кездесуде тағы бір қызықты мәлімдеме жасады: институттың байламынша, АҚШ, Еуропа, Канаданың - Ресейге, сондай-ақ өз кезегінде «одақтасымыздың» осы елдерге енгізген санкциялары Қазақстанға кері әсер етпейді. Олардың «теріс ықпалдары» туралы айтқан сарапшылардың байламын институт «ойдан шығарылған» деп атады», - деп атап көрсетiлген « Санкциялар соғысы » Қазақстанға керi әсерiн тигiзбейдi » атты мақалада.
Адамдарға жаңа күйзеліске дайындалуға тура келетінге ұқсайды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Лейла Мұзапарованың айтуынша, «дүниежүзін дағдарыс басады». «Әлемдік экономиканың қазіргі беталысы және жетекші орталық банктердің ақшалай-кредиттік саясаты жаңа қаржылық дағдарыстың туындауының алғышартын түзуге септесуде.
«Бір жағынан, экономикалық өсімдер баяулауда, екінші жағынан, үкіметтер өз экономикаларын, әсіресе, қаржылық нарықтарды ақшамен молықтырып, толтыруда. Бұдан жаңа «көпіршіктер» түзілуі мүмкін», - дейдi Мұзапарова.
« Айқын » басылымының кезектi материалында « Сериал түсiретiн шығарма жазылған жоқ па? » деген тақырыппен көптiң көкейiнде жүрген тақырыпты қаузаған. «Жуырда орыстілді сайттардың бірінде орыстілді киногер мамандар «Қазақстанда сериал түсіруге татитын бірде-бір қазақ жазушысының шығармасы жоқ» деген ой айтыпты. Шындығында, солай ма?» - деп сауал тастайды автор.
«Соңғы жазылып жүрген шығармаларды былай қойғанда, 60-70-жылдары қазақ әдебиетінің есігін ашқан классик жазушыларымыздың құнды дүниелері сериалға өзек болмайды дегенге сену қиын. Мәселен, Мұхтар Мағауиннің шығармаларын алайық. Қаламгердің «Қыпшақ аруы», болмаса, «Шақан шерісі» сериал түсіруге лайық емес деп айта аламыз ба? 1 сәуір күні әлеуметтік желілердің бірінде «Шақан шері» туралы Голливуд фильм түсіреді екен» деген жалған ақпарат жаулаған еді. «Өтірік» ақпарат болса да, бұл «жаңалық» көпшілікті елең еткізген. Алайда бәрі желсөз күйінде ғана қалды. Бірақ шындап келсек, әйгілі жазушының шығармалары бірнеше сериалға арқау болары анық», - делiнген мақалада.
«Айқынның» дәл атап көрсеткенiндей, көрнекті жазушы Шерхан Мұртаза «Ай мен Айшасы» сұранып тұрған сериал. «Тіпті қаламгердің сексен жылдық мерейтойында режиссер Сатыбалды Нарымбетов осы романның желісінде фильм түсірмек ойы барын айтқан. Одан бері де екі жыл өте шықты. «Ай мен Айша» романын оқыған әрбір адам Шерағаңның бүкіл болмыс-бітімін таниды», - деп жалғастырады басылым.
Британияның Африка iстерi жөнiндегi министрi Марк Симмондс өзiнiң жалақысы Лондонда күн көруге аздық ететiндiктен лауазымынан бас тартты, деп хабарлайды «Экспресс К» басылымы.
Жылына 120 мың фунт (200 мың доллар) алатын министр бұл қаражатқа жанұясын асыра алмайтын күйге жетiптi-мыс. Газеттiң жазуынша, Симмондстың жылдық жалақысы 89 435 фунт (шамамен 150 мың доллар), оның үстiне мемлекет бюджетiнен оған 27 875 фунт (47 мың доллар) Лондонда пәтер жалдап тұру үшiн төленiп келген. Шенеунiктiң сөзiне қарағанда, ол ел астанасында қонақүйде тұруға, ал жанұясына Лондоннан жүздеген шақырым жердегi Линкольншир елдi мекенiнен үй жалдауға тура келген. Ұлыбритания премьер-министрi Дэвид Кэмерон Симмондстың жұмыстан кету туралы арызына қол қойды.
Алматылықтар қаланың қайталнабас келбетiн құрайтын тарихи және сәулеттiк ғимараттарды жаппай сүруден қорғауды сұрап, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа дан ұшыра хат жазды, деп жазады "Время" газетi.
Тұрғындар бұл iске жанашыр табылатынына сенiмдi. Олардың айтуынша, Алматының тарихи ескертiш саналатын сәулетi ғана емес, рухани тұрғыда құнды саналатын ескi ғимараттардың тiзiмiн жасақтау қажет. "Осы жолы қоғамдық наразылықтың тууына қаладағы кезектi "өмiрбаяны" терең ғимаратты, Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерiнiң қиылысында орналасқан бұған дейiн Қазақстанның сәулетшiлер одағы паналаған үйдi бұзу себеп болды", - дейдi басылым "Это же - памятник" атты мақалада.