Серік Әбденов Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорын құрудың нәтижесі қандай болатындығынан хабардар етті

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов елімізде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорын құрудан қандай нәтижелер күтуге болатынын айтып берді.

Серік Әбденов Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорын құрудың нәтижесі қандай болатындығынан хабардар етті

Елбасы Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорын құру жөнінде тапсырма бергеніне тоқталған министр, «бұл тұрғыда қандай нәтижеге қол жеткіземіз деген мәселені көтерер болсақ, ең бастысы әрбір жеке зейнетақы жинақтау есеп-шоты бақылауға алынады, салымшылар базасының ашықтығы белгіленеді, екіншіден инвестициялық табыстың жеткіліктілігі бойынша мәселелерге талдау қастамасыз етіледі»,-деді.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар жалпы азаматтардың салып жатқан жинақтау қорындағы қаражаттың тиімділігі белгіленеді.

Ведомство басшысы салымшылардың қаржысын инвестициялау бойынша бірқатар нұсқаларға тоқтала келе, жақында зейнетақы жинақтаушы қоры қаржысын шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялау туралы бастамалар көтерілгендігін еске салып өтті.

Сөз соңында, С. Әбденов Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорын құру тұрғысында барлық тараптардың ұсыныстары ескерілетінін жеткізді.