Серік Ахметов Әділет министрлігіне 2014 жылға арналған заң жобалық жоспарды уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Серік Ахметов ҚР Әділет министрлігіне алдағы жылға негізделген Үкіметтің заң жобалық жоспарын сапалы әрі уақытылы қамтамасыз етуін тапсырды. Бұл тапсырманы ол бүгін Үкімет отырысы барысында жүктеді.
None
None

«Мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді күшейту керек. Министрлер мен меморгандардың бірінші басшылары кемшіліктерді жоюды жеке бақылауына алуы тиіс»,-деп атап өтті С. Ахметов.

Осы орайда Үкімет басшысы биыл заң жобаларының сапасы мен әзірлеу мерзіміне қатысты сын айтылған сәттердің болғанын ескеріп өтті.

«Сондықтан да сіздердің назарларыңызды заң шығарушылық қызметтің және болжамды-сараптамалық жұмыстың үйлестіру мәселесіне аударамын»,-деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар