16:03, 22 Сәуір 2014 | GMT +5
Серік Ахметов Әзірбайжан Қорғаныс өнеркәсібінің министрімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзірбайжанға ресми сапары барысында елдің Қорғаныс өнеркәсібінің министрі Явер Джамаловпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екі тарап әскери саланы одан әрі өзара дамыту жөнінде келіссөздер жүргізді.
«Біз әскери-техника саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде жұмыс тобын құру мәселесін қарастыруға дайынбыз», - деп атап өтті С.Ахметов.