Серік Ахметов химия өндірісі компанияларының ірі қауымдастығын құруды тапсырды

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат -Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов химия өндірісі саласындағы компаниялардың ірі қауымдастығын құруды тапсырды.
None
None

С.Ахметов: «Мәселен, 2005 жылы тау-кен саласы компанияларының қауымдастығы құрылған болатын. Байқап қарасақ, қазіргі кезде ол белсенді түрде жұмыс істеп, тиісті шешімдерге ықпал етіп келеді. Биыл аталған ұйым тағы бір съезін өткізіп, тау-кен саласының басымды бағыттарын анықтап көрмек», - дей келе, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, сондай-ақ «Атамекен» одағына тиісті тапсырмлар берді.

ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген «Атамекен» одағының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов атап көрсеткендей, қауымдастықты құру жұмысы басталып та кетті. «30 мамыр күні біз арнайы кеңес өткізіп, химия саласында жұмыс істеп жатқан 25 компанияның басын қосқан болатынбыз. Бұған дейін екі-үш компания кіретін шағын ұйым болған. Енді, 25 компания бірігіп, үлкен қауымдастықтың негізін қалайтын болады», - деп атап көрсетті А.Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар