Серік Ахметов «Pro Team Astana» велокомандасының мүшелерін қабылдады

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Pro Team Astana» велокомандасының мүшелері Винченцо Нибали, Максим Иглинский, Паоло Тиралонгоны және команданың бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады,

Серік Ахметов «Pro Team Astana» велокомандасының мүшелерін қабылдады

деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Үкімет басшысы команданы «Джиро д'Италия-2013» Гранд-турда айқын жеңіске жетулерімен құттықтап, одан әрі де жоғары спорттық көрсеткіштерге қол жеткізе берулеріне тілектестік білдірді.

«Біз үшін «Астана» велокомандасының дүниежүзілік Гранд-турларға қатысуы аса маңызды, сондықтан, біз командамыздың табыстарын жіті қадағалап отырамыз және оған бұдан әрі де жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз», - деді С.Ахметов.

А.Винокуров Премьер-Министрге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, «Астана» велокомандасының жеңісі команданың әлемдегі мықтылардың бірі екенін тағы бір дәлелдегендігін атап өтті.