Серік Ахметов суға шекті тарифті енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды

АСТАНА.  9 қазан. ҚазАқпарат -  Бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов суға шекті тарифті енгізу бойынша мәселені қарастыруды тапсырды.
None
None

«Бізде электр энергиясына шекті тарифті енгізу тұрғысында жақсы тәжірибе бар. Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке осы тұрғыда тиісті тапсырма жүктелген болатын»,-деп тоқталды С. Ахметов.

Бұған қоса Үкімет басшысы тиісті ведомстволар мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне суға шекті тарифті енгізу мәселесін қарастырып, оның нәтижесі бойынша ұсыныс жасауды тапсырды.

«10 күннен кейін бұл ұсыныстарды енгізу шарт»,-деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар