Серік Ахметовтің ісі бойынша куәгер бюджет қаражатын иелену схемасы жайында айтып берді

Бұдан бұрын сот отырысы барысында іс бойынша айыпталушылардың бірі - Қазақстан өнеркәсіптік корпорациясының бас директоры Әлжан Ақмолдаев куәгер ретінде сөз сөйлеп, Серік Ахметовтің қамқорлығының арқасында оның компаниясы Қарағанды индустриалдық парк инфрақұрылымдық нысандарын салуға тиімді қосалқы мердігер алғанын мәлімдеген.
Одан әрі Ә. Ақмолдаев директоры Д. Нұрбаев болып табылатын «SapaProjektGroup» ЖШС-ны жабдықтарды жеткізуші ретінде тартқаны белгілі болды.
Сот отырысы барысында «Сомнус» ЖШС директоры Н. Елғондин сөз сөйледі. Оның айтуынша, Д. Нұрбаев оған жабдық жеткізуге көмек көрсету өтінішімен жүгінген. Онымен бұрыннан достық қарым-қатынаста болғандықтан, әрі ұсынылған сыйақы үшін келіскен.
Жауап бейне байланыс арқылы жүргізілді, осыған байланысты айыптау тарапы Н. Елғондин растаған, сот алды тергеу барысында алынған куәгердің айғағын жариялады.
«2012 жылдың басында маған студент кезімнен бергі досым Нұрбаев жүгінді. Ол менің шетелден жабдық жеткізумен айналысатын фирмамның бар екенін білген соң, мынадай өтінішпен келді. Ол Қарағанды қаласында «SapaProjektGroup» ЖШС-дан ақша түсетін ауқымды келісімшарты бар екенін айтты. Нұрбаев келісімшарт бойынша тапсырыс берушіге кемінде 2 млн АҚШ доллары сомасында қаражатты қайтару қажеттігін, ал одан әрі тапсырыс берушінің шешімі бойынша болады деді. Ол бұл не қылған келісімшарт, оның мәні не, маған егжей-тегжейін түсіндірмеді. Нұрбаев тапсырыс берушіге ақша қайтару үшін оған басқа фирмалар көмегімен «SapaProjektGroup» ЖШС арқылы қолма-қол ақша алу қажеттігін мәлімдеді. Сосын осындай фирма ретінде «Сомнус» ЖШС-ны тартуды өтінді, ол үшін жоба соңында материалдық сыйақыға - Toyota Land Cruiser Prado (...) көлігін беретін болды. Бірнеше аптадан кейін Нұрбаев бұл схема үшін тағы да бірнеше фирма қажеттігін айтты, менде келісуге болатын достарым барын айттым», - деп куәгердің айғағын оқыды мемлекеттік айыптаушы.
Н. Елғондиннің айтуынша, қосымша фирма ретінде «PerfectEducation» ЖШС мен «Gepipetrade ЖШС тартылған, олардың басшылығы өздерінің алдындағы қарызын есептен шығарса, қатысуға келісетіндерін айтқан.
«Gepipetrade» ЖШС мен «SapaProjektGroup»ЖШС сомасы 117 млн. 549 мың теңгеге технологиялық жабдықты жеткізуге шарт жасасқан. «PerfectEducation» ЖШС «SapaProjektGroup» ЖШС-мен сомасы 504 млн. 770 мың теңгеге осындай шарт жасасқан. «Сомнус» ЖШС және «SapaProjektGroup» ЖШС есебіне 657 млн. 768 мың теңге түскен. «SapaProjektGroup» ЖШС-дан «Gepipetrade» ЖШС, «PerfectEducation» ЖШС және «Сомнус» ЖШС-ға түскен барлық ақша - 1 млрд. 280 млн. 88 мың теңге, жалпы соманың 60 пайызын Нұрбаевқа бердім де, қалған ақша жабдықтар мен материалдар сатып алуға жұмсалды, бұл іспен толықтай Нұрбаев айналысты», - деді айғақты оқыған мемлекеттік айыптаушы.
Қорғау тарапы мемлекеттік айыпталушы оқығандықтан, айтылған айғақтарға күмән келтіргенін атап өткен жөн, алайда сот бұл қолдаухатты қабылдамады.