Серік Қонақбаев АИБА вице-президенттігіне үміткер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кореяның Чеджу қаласында Халықаралық бокс қауымдастығы өз жұмысын бастады. Оған барлық 198 ұлттық федерацияның өкілдері қатысуда, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Серік Қонақбаев АИБА вице-президенттігіне үміткер

Федерация ақпаратына қарағанда, оның жұмысына қатысу үшін Чеджу қаласына АИБА вице-президенті, Қазақстанның бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев келеді деп күтілуде.

Конгресс барысында ұйымның президенті мен вице-президенттерін сайлау өтеді. Вице-президент лауазымына әрбір құрлық өз үміткерлерін ұсынады. Азиядан бұл лауазымға Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев үміткер. Егер С.Қонақбаев сайлауда жеңіске жететін болса, онда Азия бокс федерациясына да басшылық жасайды.